Сенат Жоғары соттың үш судьясын қызметінен босатты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Судьялар Сембек Баймаханов, Ұлболсын Сүлейменова мен Өмірбай Ыбыраев зейнет жасына толған. Сенат қаулысына сәйкес, олар отставкаға жіберілді.
Сенаторлар қаулыны ашық дауыс беру арқылы қабылдады.
Айта кетері, Жоғарғы сот судьялары президенттің ұсынысымен қызметінен босатылады. Ал сенат тиісті қаулыны қабылдайды.