Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтөбе облысының экс-әкімі сегіз жылға сотталды

Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаев сегіз жылға сотталды. Соңғы жылдары әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған ол, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ұрлады деп айыпталған, деп хабарлайды Paryz.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының экс-әкімі сегіз жылға сотталды
Фото: liter.kz

Осыдан екі апта бұрын бұрынғы шенеунік сот процессі кезінде аштық жариялаған еді. Ол тағылған айыппен келіспей, өзін толық ақтауды талап етті. Тіпті сол аштықтан денсаулығы күрт нашарлап, үкім тыңдауға сот залына жете алмады. Тек тергеу абақтысынан онлайн тыңдады. Бірақ әлі де өзін кінәсізбін деп, сегіз жыл үкімге наразы екенін білдірді.

Ермек Жетпісбайұлына корпорация басшысы болған кезде Садовое ауылындағы 24 гектар жерді нарықтағы бағадан бірнеше есеге әдейі арзандатып, небәрі 20 миллион теңгеге сатты деген айып тағылған. Сондай-ақ құрылыс компанияларына жер учаскелерін айырбастап, пайда табуды көздеді деген күдікке ілікті. Осы арқылы мемлекетке 200 миллион теңгеге жуық шығын келтірілген. Енді сот үкімі бойынша соны да қайтаруы қажет.

Ермек Имантаев екі мыңыншы жылдардың басында екі жылдай Ақтөбе облысын басқарған. Кейін президент әкімшілігінде де бас инспектор қызметін атқарды.