Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Абыройымызды төгеді»: Шымкент мұғалімдері директордың үстінен шағымданды

Шымкенттің бір топ мұғалімі өздері қызмет ететін мектеп директорының әрекетін ашық айтып, блогер Бақытжан Көпбаевқа шағымданды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Абыройымызды төгеді»: Шымкент мұғалімдері директордың үстінен шағымданды
Фото: видеодан скриншот

Qaz365.kz сайтының жазуынша, блогер Көпбаев Асанбай Асқаров атындағы №77 мектептің директорының үстінен шағымданып келген мұғалімдерді сөзге тартқан. Олардың видеосын өз парақшасына жариялады.

2019 жылдан бері білім ордасына Т.А тағайындалғаннан кейін біз зардап шегіп келеміз. Былайша айтқанда, ақша жинау, сағатты танысына беру, жемқорлық, әділетсіздік бәрі бар. Біз әуелі әкімнің бірінші орынбасарына, прокуратураға, Антикорға да шағымдандық. Бізді қайта-қайта жиналысқа салып отыр, - дейді ол.

Мұғалімдер директордың қайта-қайта педагогикалық кеңеске салып, бүкіл ұжым алдында абыройымызды төгеді деп шағымданады. Ұстаздар 2019 жылы директордың үстінен арыз түсірген. Соны есте сақтап қалған директор «бізді қудалап жүр» деп есептейді.

Тіпті тізерлеп отырып, кешірім сұраңдар деген сөздері де бар. Орынбасары мен директорының мұндай қорлығына енді шыдай алмаймыз. Арызданатын жердің бәріне арыздандық, - дейді ол.

Егде мұғалімнің бірі директордың өзі айтқан өтемақысын ала алмай жүргенін айтады. «Жас балаша үлкен жастағы кісіні алдады» дейді ол.

Блогер Көпбаев осы мәселе бойынша қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасарынан түсініктеме талап еткен. Алайда ол шенеунік «әр мектепте осындай үш-төрт мұғалім барын, олар директорды бағындырғысы келетінін, бағынбаса үстінен арыз жазатынын» айтқан. Алайда №77 мектептің мұғалімдері бұл біздің жағдай емес дегенге келтіреді.

Мұғалімдер директордың үстінен шағымдану үшін қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесуге келген. Олардың айтуынша, директор мектепте жұмыс істемейтін «лаборанттарды» тіркеп қойған. «Лаборанттар жоқ, бірақ айлық жүріп жатыр» дейді олар.