10 қазанда «Эйр Астана» әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Paryz.kz агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтемемен хабарлайды.
Алматы қаласынан ұшу сағат 8:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған.
«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Тель-Авив қаласының әуежайы тарапынан рейстің қону және ұшу уақытының бекітілуі күтіліп отыр.
«Тасымалдауға кез келген күнге авиабилеттері бар жолаушылар қабылданады. Бір жолаушыға 8 кг дейін бір қол жүгі және 20 кг дейін бір тексерілген жолжүк рұқсат етіледі. Авиабилеттері жоқ қазақстандықтар ҚР Елшілігі арқылы арнайы тариф бойынша сатып ала алады. Жолаушылар тізімін Қазақстанның Израильдегі елшілігі де телефон арқылы жасайды: +972 (3) 741 78 05, +972 55 273 3813, +7 700 111 31 96. Жолаушылар Тель-Авив әуежайына ұшудан бес сағат бұрын келуі керек. Жолаушылардан әуежайға барған кезде жоғары қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - делінген әуе компания хабарламасында.