Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

ШҚО тұрғындары қаржы пирамидасына 350 млн теңге құйған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Chia Tai-Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Paryz.kz.  

ШҚО тұрғындары қаржы пирамидасына 350 млн теңге құйған
Фото: sputniknews.kz

Агенттіктің мәліметінше, аталған фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Telegram мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған. Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.