Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Енді жанжал шығарғаны үшін күйеуімен қоса әйел де жауапқа тартыла ма - ІІМ пікір білдірді

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха депутат Жарқынбек Амантайдың жанжалдасқан ерлі-зайыптыларды қамап тастау туралы бастамасына пікір білдірді, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Енді жанжал шығарғаны үшін күйеуімен қоса әйел де жауапқа тартыла ма - ІІМ пікір білдірді
фото: Halyq Uni

Ол бұл ұсыныстың логикаға сай емесін атап өтті.

Тіпті, зорлық-зомбылық құрбанына айыппұл салудың өзінің біріншісі екінші бөлігімен қиыспайды. Меніңше, мұндай бастаманы ешкім қолдай қоймас, - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы тырысынан соң.

Оның айтуынша, министрлік отбасында зорлық-зомбылықты болдырмау үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр әрі заңдағы нормалар жетілдірілетін болады.

«Бәріміз жұмыс тобында (түрлі ұсыныстарды) талқыға саламыз. Олар норманың кей тұстарын қолдауы немесе қолдамауы мүмкін. Әрі қарай палатаның салалық комитетінің отырысы өтеді. Одан кейін палатаға жіберіледі. Ұсыныстар көптеген кезеңнен өтуі керек. Мұнда (заң жобасына) енбеуге тиіс нормаларды айтып тұрмын», - деп түсіндірді министрдің орынбасары.