Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы мектебінде зорланған 1-сынып оқушысының ата-анасы қысым жасалып жатқанын айтты

Алматыдағы халықаралық мектепте зорлыққа ұшыраған 1-сынып оқушысының ата-анасы мектеп тарапынан қысым жасалып жатқанын мәлімдеп, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Алматы мектебінде зорланған 1-сынып оқушысының ата-анасы қысым жасалып жатқанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Kozachkov offside Телеграм-арнасында жарияланған бейнежазбада баланың анасы мен әкесі мектеп директорынан аталған оқиғаға қатысты жалған ақпараттар таратпауды сұрайды.

«Құрметті қазақстандықтар! Біз ажырасып жүрген болсақ та, отбасымызда болған қайғылы жағдайға қатысты бірге күресетін боламыз. Мектеп директоры Логинова ханым, жұртшылық пен полицияны адастыруды, сондай-ақ отбасымыздың абыройы мен намысына нұқсан келтіруді доғарыңыз! Әйтпесе жеке өзіңізді сотқа береміз», – деп мәлімдеді ата-ана.