Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарағанды облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартып отыр

Қарағанды облысының Қарабұлақ атты тағы бір ауылында тұрғындар ішімдіктен толықтай бас тартқан.

Қарағанды облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартып отыр
фото: admin-gorlovka.ru

Соңғы 3 жылда Қарабұлақта бірде-бір қылмыс болмаған. Сонда да учаскелік полиция қызметкері Аманбек Әубәкіров қырағылығын жоғалтпайтынын айтады.

Біздің ауылдың тұрғындары бұрын да ішімдікке бейім емес еді. Ал енді жалпы шешіммен маскүнемдікке толық тыйым салынды. Бізде тамаша көрсеткіштер бар: заң бұзушылықтар жоқ, қылмыстар әлдеқайда аз. Қарабұлақта 500 адам тұрады. Олардың бестен бірі – жастар. Көптеген адам спортқа қызығушылық танытады. Ауылдың өз волейбол командасы бар, олар облыстық, тіпті республикалық жарыстарға қатысады, – дейді Аманбек Әубәкіров.

Сондай-ақ бұл ауылда жыл сайын «Үздік бизнес жоба» байқауы өткізіліп тұрады екен. Оған жергілікті фермерлер демеуші болады. Ақша Қарабұлаққа қажетті жобаға бөлініп, онда шаштараз, наубайхана ашылған.

Осындай үлгілі елді мекенді басқарып отырған Аслан Рахымбергенов биыл «республикадағы ең үздік ауыл әкімі» болып танылған.