Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Челахтың қасына барасың деді»: Байзақтағы жарылысқа айыпталған сарбаздар сотта соңғы сөзін айтты

Байзақтағы әскери бөлімде болған жарылысқа кінәлі деп айыпталған сарбаздар сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Челахтың қасына барасың деді»: Байзақтағы жарылысқа айыпталған сарбаздар сотта соңғы сөзін айтты
Фото: видеодан скриншот

Қатардағы жауынгер Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбай 18 адамның өліміне өзін кінәлі сезінбейді. Себебі тергеушілер қоқан-лоққы көрсетіп, қылмысты біздің мойнымызға ілгісі келеді дейді.

«Өмір бойына кетесің, Челахтың қасына барасың» деді. Мен сол кезде қорықтым, бұған не үшін мойындауым керек деген кезде, «мойныңа ала сал, бұл тірлікті жабамыз, прокурормен, Астанамен сөйлесіп қойдық, сендерге шартты жаза береді, шығып кетесіңдер» деді. Бізді бала сияқты алдады. Прокурор мырзаға сұрақ қоймақшы едім, «Тұраров пен Әшірбайға ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабымен, 459-бабымен сотталсын дедіңіз, қай бетіңізбен айтып тұрсыз, сіз де бәленің бәрін білесіз», - дейді олар.

«Тергеуде қысым көрдік» деген қос сарбаз соттан өзін ақтап алуды сұрады. Екеуінен бөлек, сот залында күдікті деп танылған тағы төрт офицер отырды. Бірақ оларға әлі сөз берілген жоқ.