Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Алматыда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды

Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалалық филиалы мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорынға пресс-тур ұйымдастырды. Мемлекеттің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі саясатын іске асыра отырып, «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бизнеске, оның ішінде кәсібін жаңа ашқандарға мемлекеттік қолдау көрсетудегі жұмысын белсенді жалғастыруда. Қор құрылған кезден бастап Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаны қолдады, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды
Фото: Baq.kz

Алдымен индустриялық аймақтағы «NAC Agro» брендімен танылған «BRBAPK» ЖШС жылыжай кешені аныстырылды. Озық технологияларды пайдаланатын жылыжай тәулігіне 20 тоннадан астам көкөніс өндіре алады. BRBAPK» ЖШС бастығы Шәкен Бөлекбаевтың айтуынша, жылжайда топырақсыз көкөніс өндіруге арналған озық технологиялар бар. Бұл жұмыс күшін азайтуға аз да болса мүмкіндік беріп отыр екен.

«Өндіріс орнында 2000 астам жұмысшы бар. Біз жыл сайын Алматы қаласының бюджетіне 105 млн теңге салық төлейміз. Жұмысшыларымыз еліміздің ЖОО білім алған, жыл сайын алыс- жақын шетелдерге оқуға, тәжірибе алмасуға жібереміз. Бізде табыс көлемі тұрақты. Өндірістік қуаттылығы жылына 7 мың тоннадан астам көкөністі құрайды және тәулігіне 20 тоннадан астам көкөніс өндіре алады. Жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен жеке инвесторлар жүзеге асырды, инвестиция көлемі 7,8 млрд теңге, 150 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жылыжай кешені голландиялық Dalsem Horticultural Projects B.V. тәсілімен іске қосылды. Біз жұмысшыларды киіммен, түскі аспен қамтамасыз етеміз. Өнімдерімізді еліміздің әр қаласына жібереміз, сондай-ақ Ресей қаласына тасымалдаймыз, – дейді «BRBAPK» ЖШС бастығы Шәкен Бөлекбаев.

Келесі нысан «TEPLOSTIL»ЖШС қасбеттік жылу панелін өндіретін зауыты болды. Өндірісі жыл сайын 240 000 шаршы метр қасбеттік жылу панелін, күшейтілген полистирол көбіктен жасалатын сәндік бұйым шығарады. Жобаның құны 800 млн теңгені құрайды, кәсіпорында 30 адам жұмыс істейді. Аталған кәсіпорынның басшысыны айтуынша, компания өнімдерінің негізгі тұтынушылары – жеке тұлғалар.

Өнімді өндіруге «Еуразиялық Банк» АҚ арқылы Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша инвестицияға қаржы алған.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылдық 19%-дың 13%-ын құрайды. Қолдаудың арқасында «TEPLOSTIL» ЖШС өндірісін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр.

Еске сала кетейік, «Даму» қоры арқылы Алматы қаласында «Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бойынша кәсіпкерлердің 8 164 жобасы 940,5 млрд теңгеден астам қолдау көрсетілді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қалалық филиалы мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорынға пресс-тур ұйымдастырған болатын.