Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыда жыл басынан бері 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, 2023 жылдың 8 айында Алматы қаласы бойынша негізгі капиталға 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл үлес республика бойынша 12,2%,  – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда жыл басынан бері 876,9 млрд теңге инвестиция тартылды
Фото: gov.kz

«Пайдалану бағыттары бойынша негізгі салымдар жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияда болған, олардың үлесі 46,5%. Денсаулық сақтау – 4,1 есе, ақпарат пен байланыс – 36,3%-ға, тұру және тамақтану қыз6меті – 25,9%-ға өсті», - делінген қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы тартаөан хабарламада.

Алмалы, Алатау, Әуезов және Жетісу аудандары бойынша оң динамика байқалып отыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 1,5 трлн теңгеге дейін артады.

Алматы инвестицияға қолайлы мекен. Олай дейтініміз, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларының ішінде, негізгі капиталға салынған инвестициялар 604,4 миллиард теңгені, нақты көлем индексі (НКИ) – 100,7% болды. Қаржыландырудың негізгі көзі инвесторлардың жеке қаражаты (486,7 миллиард теңге) екенін атап өткен жөн.

Пайдалану бағыттары бойынша инвестицияның негізгі көлемі жылжымайтын мүлікке – 296,1 миллиард теңге, өнеркәсіпке – 36,2 миллиард теңге, көлік және қоймалауға – 83,6 миллиард теңге, білімге – 25,8 миллиард теңге, сондай-ақ қаржылық және сақтандыру қызметіне – 29,6 миллиард теңге тиесілі болды.

Жыл соңына дейін сомасы 214,8 миллиард теңге болатын 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде өнеркәсіпте 10 жоба (17,5 миллиард теңге), сауда саласында 6 жоба (46,5 миллиард теңге), білім саласында 2 жоба (10,8 миллиард теңге), денсаулық сақтау саласында – 1 жоба (130 миллиард теңге) және туризмде 1 жоба (10 миллиард теңге) қарастырылған.

Жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша мегаполистің негізгі капиталға салатын инвестициясының көлемі 1,5 триллион теңге болады деп болжанып отыр. Егер шаһардағы барлық жоба іске асса, онда іскерлік белсенділік артып, 7 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны пайда болады.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарының кең жиынтығы қамтылған. Мәселен 500 миллион теңгеге дейінгі сомада 2% және 6% мөлшерлемесімен кепілдікті жеңілдетілген несие беру, 12% мөлшерлемесімен кепілдікті несие беру, қарыз алушы үшін 6% түпкілікті мөлшерлемесімен субсидиялау бағдарламалары және қарыздарды 85%-ға дейін кепілдендіру тетіктері бар.

Осы тұста 2023 жылы 48,5 миллиард теңге мемлекет қаражаты бөлінгенін айта кетейік. Оның ішінде 103 миллиард теңгеден астам сомаға 1250 жоба мақұлданды.