Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда 2023 жылы ШОБ өнім өндірісі үштен бірдің жуығына өсті

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының деректеріне сәйкес, қалада шағын және орта кәсіпкерлікпен (ШОБ) айналысатын қала тұрғындарының саны 872 мыңға жетті. Өнім өндіру көлемі 3,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1 трлн теңгені құрады, - деп хабарлайды Paryz.kz.

 

Алматыда 2023 жылы ШОБ өнім өндірісі үштен бірдің жуығына өсті
фото: Алматы қаласының әкімдігінен

Қазақстанда 4 миллионнан астам адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында олар 13,6 трлн теңгеге өнім өндірді. Жетекші өңір - Алматы 3,9 трлн теңгені қамтамасыз етті.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқса3нының қорытындысы бойынша елдің ЖІӨ-дегі ШОБ-тің жалпы қосылған құны 8,6 трлн теңгеге жетті. Алматының үлесі 2,6 трлн теңгені құрады.

«Алматы мысалында тиімді мемлекеттік қолдау және қолайлы бизнес-ортаны құру шағын және орта кәсіпкерлік саласының елеулі дамуына қалай ықпал ететіні байқалады», - деп атап өтті Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында.

Биыл бірінші тоқсанда ШОБ өнімдерін өндіру көлемі 13,6 трлн теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 30,6% артық.
Алдыңғы қатардағы облыс Алматы қаласы 3,9 трлн теңге немесе 21% қамтамасыз етті. Қаржы орталығында секторда шығарылған өнім көлемі бір жылда 36,1% немесе 1 трлн теңгеге өсті.

Одан кейінгі орында Астана (3 трлн теңге), сондай-ақ Атырау (1,5 трлн теңге) және Алматы (634,5 млрд теңге) облыстары.

Биыл бірінші тоқсанда еліміздің ІЖӨ-дегі ШОБ субъектілерінің жалпы қосылған құны (ЖҚҚ) 8,6 трлн теңгеге жетті. Көрсеткіш былтыр 32,5% болса, биыл рекордтық 36,5%.

Алматыда ШОБ-тың ЖҚҚ 2,6 триллион теңгені құрады: ҚР ШОБ-тың ЖҚҚ-ның 30%-ы және оңтүстік астананың жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ) 53,9%-ы.

Осылайша, Алматы қаласының мысалын келтіретін болсақ, тиімді мемлекеттік қолдау және қолайлы бизнес-ортаны құру шағын және орта бизнестің айтарлықтай дамуына ықпал етіп, бұл өз кезегінде ел экономикасына оң әсерін тигізетінін байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласысында шағын және орта кәсіпкерлікпен (ШОБ) айналысатын қала тұрғындарының саны 872 мыңға жетті. Өнім өндіру көлемі 3,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеген болаты.