Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, 2023 жылы Алматыда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 315,2 мыңды құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 44,7% - ға артық, — деп хабарлайды Paryz.kz.
2023 жылдың бірінші тоқсанына Алматыда республика бойынша тіркелген 2,1 млн-нан 368,6 мың ШОБ субъектісі тіркелген.
«Бұл ретте оның 315,2 мыңы — жұмыс істеп тұрған компаниялар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,7% — ға артық, — деп хабарлады агенттік Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде», — делінген хабарламада.
Осы орайда айта кеткен жөн, биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, ҚР-да 2,1 млн шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, оның ішінде 1,9 млн-ы жұмыс істеп тұр, соның ішінде 1,3 млн-ы жеке кәсіпкерлер, 354,3 мыңы шағын кәсіпорындар, 252,2 мыңы шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылық және 2,9 мыңы орта кәсіпкерлік субъектілері.
ҚР-дағы ШОБ саны бойынша абсолютті көшбасшы республиканың қаржы орталығы және мәдени астанасы Алматы қаласы. Алматы ҚР-дағы секторда тіркелген барлық компаниялардың 17%-ын шоғырландырған: 368,6 мың. Сонымен қатар, олардың 315,2 мыңы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар — былтырғыдан 44,7% көп. Одан кейін Астана (242,5 мың), Түркістан (203,9 мың) және Алматы (134,5 мың) облыстары, сондай-ақ Шымкент (132,4 мың).
Айта кеетйік, 1Алматыдағы шағын және орта бизнес мамандандырылған даму институты — «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы мемлекет тарапынан қомақты қолдау алады.
Шағын және орта бизнестің табысты жұмыс істеуінің негізі әрқашан қолжетімді қаржыландыру. «Алматы» ӘКК Almaty Business — 2025 бағдарламасы аясында қаладағы ШОБ субъектілеріне тікелей қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау шараларын ұсынады.
Қаржылық қолдау еншілес ұйымдар — «Almaty Finance» ЖШС және «MFO Almaty» ЖШС арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 29,9 млрд теңгеге 542 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде «Almaty Finance» ЖШС 21 млрд теңгеге 90 жобаны қаржыландырып, нәтижесінде 2,1 мың жұмыс орны ашылды, «MFO Almaty» ЖШС — 8,9 млрд теңгеге 452 жобаны қаржыландырып, 1,9 мың жұмыс орнын ашуға септігін тигізді.
Инфрақұрылымдық қолдау Алматы индустриалды аймағындағы өндіріс орындарын және шағын индустриялық аумақтарды орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Парктер — өндірістің толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қажетті техникалық жағдайлары мен коммуникациялары бар ғимараттар мен жерлер, бұл кәсіпкерлердің өндірісті іске қосудағы күрделі шығындарын айтарлықтай азайтады. Мұндай парктерде тұрудың артықшылығы — ғимараттарды жеңілдетілген мөлшерлемемен ұзақ мерзімге жалға алуға болады. Алматы индустриалды аймағы аумағында 9,8 мың жұмыс орны құрылып, 376,7 млрд теңгенің 81 жобасы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, 11 шағын индустриялық парк іске қосылды — 5 қалада, 6 индустриялық аймақта — 67 резидент орналастырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылды.