Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы келісті деген ақпарат қаншалықты рас

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу мәселесін қарастырып жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан мен Армения ҰҚШҰ-дан шығу туралы келісті деген ақпарат қаншалықты рас
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы, 2022 жыл

Қазақстан мен Армения ұйымнан шығу туралы келіссөз жүргізіп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған ақпарат. Бірнеше күн бұрын ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңес өткізді. Онда ұйымның одан әрі даму жолдары талқыланды, - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше алты мемлекет бар: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан.

2023 жылдың қаңтарында бұрынғы ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 2023 жылдың басынан 2026 жылға дейін атқарады.