Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

XIX Азиада: Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азиадада Қазақстан спортшыларының қоржынына тағы бір жүлде түсті. 

XIX Азиада: Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті
фото: olimpic.kz

Бұл жолы да қола медаль келді. Оны дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова жеңіп алды. Ол өзбек спортшысы Севинч Исоковадан басым түсті. 

Жеңіс оңай келмейді. Бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оны алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ, – деді Азиадада жарысты тамашалаған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы дзюдодан үшінші медалі. Кеше 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленген еді.