Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қызылордада 2000-ға жуық кәсіпкерлік жобалар қолдау тапты

Биыл Сыр өңірінде 424 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады. 
Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері кәсіпкерлікті қаржылай қолдау үшін әртүрлі көздерден 23 млрд теңгеге жуық қаржы қаралып, 2000-нан астам жобаға қолдау көрсетілген, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Қызылордада 2000-ға жуық кәсіпкерлік жобалар қолдау тапты
Фото: ашық дереккөз

“Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба” шеңберінде жыл басынан бері несие портфелі 14 млрд. теңгені құрайтын 484 жоба субсидияланды. Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 72 872 бірлікті құрап, 35,6%-ға ұлғайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл басталған жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыздық жеңілдікпен кредит беру жұмыстары айрықша қолдау тапты. Республикалық бюджеттен 1 млрд 285 млн теңге қаржы бөлінді. Өтінімдер өңірлік бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияда қаралып, 264 жас кәсіпкер оң қорытынды алды, ал 172 жас кәсіпкер өз кәсібін бастаған. 

Жас кәсіпкерлердің бастамаларын қаржылай қолдау мақсатында облыс әкімдігі Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне тағы 200 адамға 1 млрд. теңге қаржы бөлу ұсынысымен шығып, ұсыныс қолдау тапты. Бөлінген қаржы жыл аяғына дейін өз мақсатына бағытталады.

Автор: Жансая НҰРҚОЖА