Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Маңғыстау облысында жұртты бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Маңғыстау облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Маңғыстау облысында жұртты бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында ведомство өкілдері прокуратура мен полиция органдарының үйлестіруімен бопсалау, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтау күдігіне іліккен топтың жолын кескен.

Операция кезінде топ жетекшісі мен оның 3 мүшесі ұсталып, олардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Олар облыстық және халықаралық жолдарда жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерді қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленушілердің арасында қызметтік міндеттерін атқарған шекара қызметінің әскери қызметкері де болған.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдар қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.