Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Желіде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс түсірілген видео тарады

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс түсірілген видео тарады. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады stopfake.kz.

Желіде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс түсірілген видео тарады
Фото: видеодан скриншот

Таралған видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген, ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мұның бәрі жалған.

«Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін  хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.