Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жетісу облысында екі баласын сатқан әйел ұсталды

Жетісу облысында екі баласын сатқан әйел ұсталды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Жетісу облысында екі баласын сатқан әйел ұсталды
фото: polisia.kz

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары баласын саудалаған 23 жастағы келіншекті ұстаған.

Күдіктінің делдалдар арқылы өзінің 2022 және 2023 жылдары туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факті 2022 жылдың қазан айында, ал екінші факті 2023 жылдың тамыз айында болған. Екі жағдайда да мәміле сомасы – 1 млн теңге, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша тіркелді.

Сондай-ақ ол ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қыркүйекте «STOP-трафик» кезекті кең ауқымды операциясын жүргізіп, адам саудасына байланысты 30 қылмысты анықтағанын жеткізді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар саудасының 3 фактісі, жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі, адам саудасының 2 фактсі, адам органдары саудасының 2 фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 3 фактісі, оның ішінде кәмелетке толмағанды тартудың 1 фактісі бар.

Сонымен бірге жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 17 фактісі анықталды. Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайларды жалға бергені үшін 56 және интимдік қызметтер ұсыну мен қайыр сұраумен байланысты тиіскені үшін 475 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.