Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Батыс Қазақстан облысында төрт жасар баланы ит талап тастады

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ит төрт жасар балаға шабуыл жасап, оның шап аймағынан тістеп алды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Батыс Қазақстан облысында төрт жасар баланы ит талап тастады
Фото: pixabay.com

Балаға шабуыл жасаған ит оны ауыр жарақаттаған. Дәрігерлер баланың шап аймағының жыртылуы және жамбас сүйегінің жарақаты деген диагноз қойды. Жәбірленушіге ота жасалып, ауруханада жатыр, деп хабарлайды "Мой город".

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, балаға күрделі ота жасалып, мамандардың бақылауында. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп отыр. Ал полицейлер ит иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-2 бабы "Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Белгілі болғандай, бала балабақшадан кейін ойын алаңында серуендеп жүрген, сол кезде көршісінің иті оған шабуыл жасаған. Итке екпе алған, бірақ чип салынбаған.