Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Экология министрлігі 1,5 млрд теңгеге тікұшақты жалға алмақ

Мемлекеттік сатып алу конкурсы 2 ақпанда аяқталады.

Экология министрлігі 1,5 млрд теңгеге тікұшақты жалға алмақ
фото: дереккөз

Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті экипажымен бірге көлік құралдарын жалға беру қызметіне 1,5 миллиард теңге жұмсайды, деп хабарлады Neonomad.kz.

Лоттың тапсырыс берушісі "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" болды. Олар Алматы, Бородулиха, Өскемен, Талдықорған, Катонқарағай, Жамбыл, Бөкебай, Бурабай, Риддер, Көкшетау әуе бөлімдеріне 2-3-класты және Өскемен әуе бөлімдеріне 1-класты тікұшақты жалға алмақ.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан алғашқы тікұшағын құрастырды

Лоттардың жалпы құны - 1 490 189 669 теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсы 2 ақпанда аяқталады.

Министрліктің хабарлауынша, тікұшақтарды жалға алуға 1,5 миллиард теңге жұмсалады.