Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жемқорлардың тізімі көпшіліктің көз алдында болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қолданысқа жемқорлардың жария тізімін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Paryz.kz.

Жемқорлардың тізімі көпшіліктің көз алдында болады
Фото: newtimes.kz

Антикордың мәліметінше, ол тізімде жемқорлық үшін сотталған адамның барлық дерегі қамтылады. Бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды. Жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды.

Сондай-ақ Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралып жатыр. Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарлама айқындалатын болады.

Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер жемқорлыққа қарсы іс-қимылға елеулі үлес қосады. Сонымен қатар, олар ГРЕКО, ЭЫДҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың ұсынысымен дайындалған.