Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

ШҚО-да құрылыс компаниясының басшылары үлескерлерді 606,5 млн теңгеге алдаған

ШҚО-да ЖШС басшылығы үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

ШҚО-да құрылыс компаниясының басшылары үлескерлерді 606,5 млн теңгеге алдаған
Фото: Ulysmedia.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсаты болмай, пәтерлерді ерте кезеңде брондау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды.

Халықтың сенімін асыра пайдаланып, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденді.

Қазіргі уақытта тараптардың қосымша келісімдер жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды.Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензияның қолданылуы тоқтатылды.

“ЖШС жетекшісіне соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды”, – делінген хабарламада.