Атырау облысы полиция 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мәйіт Жайық өзенінен 13 қыркүйек күні сағат 9:30 шамасында балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта анықталып, табылды.
Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.