Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жолға қалай қаржы құйылса, оған солай жемқорлар да жиыла бастайды – депутат

Елімізде жол саласына қаржы құйыла бастаса, сол жерге жемқорлар да жиыла бастайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса айтты, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Жолға қалай қаржы құйылса, оған солай жемқорлар да жиыла бастайды – депутат
Фото: matritca.kz

Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады. Айтуынша, Қазақстандағы жол сапасының нашар болуының бір себебі – битумның жетіспеуі.

«Мұнайымен мақтанатын елде жол битумының тапшылығы 2022 жылы 200 мың тонна болды. Қазақстанда жөнделген жолға 3 жыл, жаңа жолға 5 жыл кепілдік береді. Бұл – жолдың кепілдігі 15-20 жыл, тіпті  25 жылға берілетін Еуропамен салыстырсақ, тым аз.  

Компаниялар мен мемлекеттік мекемелер 3 жыл сайын жолға ақша бөлгізу үшін осындай саясат ұстанып отыр. Жыл сайын жол жөндеуге 500-600 млрд теңге бөлінеді. Елімізде бір шақырым жолды салу құны – 600-700 млн теңге, ал Еуропада бізден 2 есе арзан. Олар 2 есе аз ақшаға 4-5 есе көп жылға шыдайтын жол салады, - деді Қазыбек Иса.

Сондай-ақ депутат жол саласында жемқорлық қаупі жоғары екенін атап өтті.

Қазақстанда жол сапасын екі-үш есе артыратын полимерлер бар. Бірақ оны біздің компаниялар қолданбайды. Себебі оларға жолдың ұзаққа шыдауы керек емес. Жолға жұмсалатын қаржының көптігі қажет. Бұл жол саласындағы жолға қойылған сыбайлас жемқорлыққа жалғасып жатыр. Жол саласына қалай қаржы құйыла бастады, солай бұл жерге жемқорлар да жыйыла бастады…, - деді ол.

Қазыбек Иса жолдың сапасыз болуы салдарынан елімізде көлік апаты жиі тіркелетінін, 52 мемлекеттің ішінде Қазақстан жол апатынан қаза табу көрсеткіші бойынша бірінші орында тұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол осы мәселені шешу жолын ұсынды:

  • Министрлік, облыс әкімдіктері, «ҚазАвтоЖол» жолды уақтылы беруге тиіс;
  • Алматыда сәтті пайдаланылған жол сапасын 2-3 есе арттыратын, полимерлер мен адгезиялық қоспалар құны жол сметасына қосылуы керек;
  • Шетелден әкелетін жол полимерлерін Қазақстанда өндіру керек;
  • Сапасы мен төзімділігі жоғары бетон жолдарды көбейту керек;
  • Жол саласыныдағы жолға қойылған жемқорлықты жою қажет.