Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

2020 жылдың 10 шілдесінде ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылған еді...

"СК-Фармацияның" бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды
фото: ашық дереккөз

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісін сотқа жолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Қазірдің өзінде іспен танысып жатыр. Іс жақын арада сотқа жолданады. Тергеу аяқталды", - деді агенттік басшысы.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 14 тамызында "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріп 2 айға қамауға алынған болатын. Ол тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьютор компания басшылығына 2020 жылдың 21 сәуірінде келді. Бұған дейін "СҚ-Фармация" басқарма төрағасының міндетін атқарған.

2020 жылдың 10 шілдесінде ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылған еді.