Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қай өңірлерде тұрғын үй бағасы қымбаттады

Қазақстанда соңғы 1 жылда жаңа пәтерлердің бағасы 4,4%-ке қымбаттаған. Ал екінші нарықтағы пәтерлердің бағасы керісінше 2,9%-ке төмендеген, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.

Қай өңірлерде тұрғын үй бағасы қымбаттады
Sputnik / Нина Зотина

Бұдан бөлек пәтерді жалға алу құны тамызда бірден 17%-ке артқан. Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтауда 18%, Семей де 16%, Павлодарда 15,5%-ке өскен.

Ал екінші нарықтағы пәтерлер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Ақтөбе (22,5%), Қызылорда (15,5%) қалалары, тұрғын үйді жалға беру нарығында Көкшетау (37,9%), Қонаев (36,1%), Ақтөбе (34,7%) қалалары тұр.

2023 жылдың тамызында пәтер сату-сатып алу бойынша 38 810 келісімшарт жасалған. Бұл соңғы жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 141 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 669 мәміле жасалыпты. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679 – 18%) және Алматы (5 928 – 15,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 705 – 9,5%) көш бастап тұр.

2023 жылдың шілдесімен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 12,7%-ға (3 225 мәмілеге) өскен. Тамызда пәтерлер бойынша барлығы 28 669 мәміле жасалыпты. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болып, саны 10 924-ке жетті. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (23,9%), Алматы (18,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,6%) тиесілі.