Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қайта қаралып жатыр

Елорда соты апелляциялық шағым бойынша Ұлттық музейдің бұрынғы Елорда соты апелляциялық шағым бойынша Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық істі қайта қолға алды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі қайта қаралып жатыр
Фото: Азаттық

«2023 жылғы 20 маусымда сотталушылардың қорғаушыларының атынан түскен апелляциялық шағым негізінде А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшеновке қатысты қылмыстық іс қайта қаралады», - деді судья Мұрат Еркінбекұлы.

Айта кетейік, сот отырысында А. Мұхамедиұлының үш сыбайласының (А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшенов) ісі бірге қайта қаралып жатыр.

Сондай-ақ, судья сот отырысының ашық форматта, яғни, қатысушыларға шектеу қойылмайтынын айтты. Сотталушылардың адвокаты мен қорғаушылары өз өтініштерін білдіріп, сот отырысын кейінге шегеруді ұсынды.