Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ақмола облысында жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақмола облысында жасөспірім қызды полицейлер мен еріктілер іздестіріп жатыр, деп хабарлады Paryz.kz. 

Ақмола облысында жасөспірім қыз жоғалып кетті
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Көкшетау қаласының тұрғынынан оның 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түскен. Ол кеше сағат 15:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін орналасқан жері белгісіз.

Аталған жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.

Қыздың белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.

Қазір оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.

Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін барлық адамнан Сәтбаев көшесі, 1 «а» мекенжайындағы Көкшетау қалалық ПБ-ға немесе 8 (7162)-29-96-00, 8-707-119-87-19 телефондарына хабарласу сұралады.