Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев «Олимпизм 365» халықаралық олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта сайланды.

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды
фото: olimpic.kz

Olympic.kz жазуынша, ХОК президенті Томас Бах тиісті хатпен ҚР ҰОК-ті хабардар етті.

«Осы жылға арналған ХОК комиссияларының құрамын төрағалар қарап, мен сізді «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындауға шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосқан құнды үлесіңіз үшін алғыс айтамыз», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Тимур Құлыбаев 2022 жылдан бастап «Олимпизм 365» ХОК комиссиясының мүшесі. 

Сондай-ақ ол 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Ұлттық олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Атқарушы комитетінің мүшесі.