Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарады.

Оқиға 13-шілде күні болған. Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап алып кірген. Содан, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірегі мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп қасақана өлтірген.

Сот үкімі Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданында орналасқан ИЧ-69 мекемесінде оқылды.

48 жастағы сотталушы «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен кінәлі деп танылып, қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болды. Сондай-ақ, кастрация жасалады және жәбірленуші жақ 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.