Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Түркістан облысының тұрғыны жатын бөлмесінің астынан жертөле жасап, есірті өсірген

Түркістан облысында жатын бөлмесінің астынан жертөле жасап, есірткі өсіру үшін фитолаборатория жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғыны жатын бөлмесінің астынан жертөле жасап, есірті өсірген
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы ПД Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жертөлені фитолабораторияға айналдырып, есірткі өсірген кентаулық тұрғынды анықтады.

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық шарасы аясында жүйелі жұмыс жүргізген полицейлер, жатын бөлмесінің астынан арнайы жертөле істеп, онда фитозертхана жасаған тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер тінту барысында оқиға орнынан 24 түп шелекке отырғызылған сора өсімдігі мен 20 сіріңке қорабына салынған есірткі өсімдігі, сондай-ақ бір қағаз орамасын тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Сараптама қорытындысы бойынша шелекке егілген өсімдік жалпы салмағы 2 келіден астам сора, ал сіріңке қорабы мен орамадағы есірткі 300 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты», - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.