"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жолаушылар мен жүк багажын билетсіз өткізетін делдалдарға қарсы күрес шараларын күшейтеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Арнайы кеңесте бірқатар шешімдер әзірленді. Олар:
пойыздарда тексерістерді көбейту, билеттің бар-жоғын қарау;
көлік полициясы нарядтары бар пойыздар санын барынша арттыру;
теміржол вокзалдарында бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын жалғастыру;
Бұдан бөлек, жолаушылармен жұмыс істейтін қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына үшінші тұлғаларға билетсіз жол жүруге және ресімделмеген багажды тасымалдауға заңсыз көмек көрсеткені үшін жауапкершілікті енгізіледі. Жолсеріктер де заң алдында жауап береді.
Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 623-бабында жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін жауапкершілік нормасы қарастырылған:
1.
халықаралық қатынас пойыздарында – 7 АЕК (24 150 теңге) мөлшерінде айыппұл;
2.
республиканың ішіндегі пойыздарда – 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде айыппұл;
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстанда билеттерді қайта сатқаны үшін айыппұл сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін (265 мыңнан 1,3 млн теңгеге дейін) құрайды.