Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматы облысында 3,5 мың теңгенің сыйлық жиынтығын 18,4 млн теңгеге сатып алмақ болған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 800 млн теңгені мақсатсыз пайдалануға жол бермеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы облысында 3,5 мың теңгенің сыйлық жиынтығын 18,4 млн теңгеге сатып алмақ болған
Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу шеңберінде Алматы облысының ішкі саясат басқармасының сатып алу жоспары зерделенді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызығушылығын 1 бірлікке 18,4 млн теңгеге азық-түлік емес сыйлық жиынтығын сатып алу бойынша лот тудырған.

«Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық жүйесі сәйкес ұқсас жиынтықтардың орташа нарықтық құны небәрі 3 500 теңгені құрайды, яғни баға 525 373% - ға жоғары көрсетілген. Антикор араласқаннан кейін, сатып алу жоспары нарықтық бағаға сәйкес келтірілді. Осылайша, 18,4 млн теңгені ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді», - делінген Антикор хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан өңірдің мемлекеттік органдарының сатып алу порталының мониторингі шеңберінде 800 млн теңгені мақсатсыз пайдалануға жол берілмеді.