Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жетісу облысында тойға барған 21 адам уланып қалды

Жетісу облысы Қабанбай ауылында үйлену тойына барған 21 адам уланып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында тойға барған 21 адам уланып қалды
фото: tengrinews.kz

28 тамызда Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аудандық орталық ауруханасынан 21 адам уланып қалғаны туралы хабарлама түскен. Оларға "Инфекциялық шығу тегі басқа және анықталмаған гастроэнтерит және колит" деген алдын ала диагнозы қойылған.

Барлық зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 11 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, Он адам амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қазіргі күні науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, - дейді ведомстводағылар.

Уланғандардың барлығы үйлену тойға барған.

27 тамызда адамдар Қабанбай ауылындағы "Шағала" мейрамханасында өткен үйлену тойында астан уланған. Облыстық және аудандық мүдделі органдарға хаттар жолданды. Тергеу жүріп жатыр, - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Мамандардың айтуынша, ауруханаға жаңадан түсіп жатқан науқастар жоқ.