Алматы полициясы азық-түлік дүкендерінің бірінде бойжеткеннің кеудесінен ұстап алған ер адамның жеке тұлғасын анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Бостандық аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ер адамның жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны болып шықты», - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша іс материалы соттың қарауы және одан әрі шешім қабылдау үшін ер адамның Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілгенін мәлімдеді.
Еске салайық, желідегі бейнежазбада Алматыда азық-түлік дүкенінде белгісіз ер адамның өтіп бара жатқан бойжеткеннің кеудесіне қол жүгірткен сәті тараған болатын.