Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шымкентте өгей әкесі 6 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді

Шымкентте 44 жастағы ер адам 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте өгей әкесі 6 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді
Фото: Pixabay

Оtyrar.kz мәліметінше, жаға ұстатарлық оқиға туралы бүлдіршін анасына тек ертеңіне айтқан көрінеді. Себебі әйел денсаулығына байланысты ауруханада болған екен. Сұмдық жайтты естіген келіншек дереу полицияға шағым түсірген.

Полицейлер дереу жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстаған. Ер адамның пәтерінен 4 келі марихуана мен пластикалық бөтелкелер табылған. Қазіргі таңда жәбірленуші қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған.