Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Биыл елімізде АИ-95 бензині тапшы болады

Көктемде Шымкент мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмысын ерте аяқтап, АИ-95 бензинін шығаруды тоқтатқан болатын. Ал 92-нің орнына 86-бензинін өндіре бастады. Соның салдарынан оңтүстікте АИ-95 жанармайы жетпей, бірнеше ай бойы оны солтүстік пен батыстан тасып жатыр, деп жазады Kolesa.kz.

Биыл елімізде АИ-95 бензині тапшы болады
фото: kolesa.kz

«ҚазМұнайГаз» басшысының орынбасары Дмитрий Макеев Шымкенттегі зауыт АИ-95 өндірісін жалғастыруға тырысып жатыр деп мәлімдеді, бірақ әлі біраз уақыт күш салып жұмыс істей алмайды.

«Ауыстыруды қажет ететін құрылғы аса ірі, оны шетелде әзірлеуге сегіз ай кетеді. Мамандар оны келер жылдың қаңтар-ақпанында алаңға жеткізуге тиіс», — деді Д. Макеев.

Құрылғы ақпанда зауытқа барғанымен, оны орнатып, іске қосу үшін де уақыт керек екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан Шымкенттен шыққан АИ-95 Алматыға көктем шықпай келмейтіні белгілі болды.

Компания өкілінің сөзіне сенсек, қазір Қазақстанда 85 мың тоннаға жуық жанармай қоры бар, ол 23 күн үздіксіз пайдалануға жетеді. Алайда оны солтүстік пен батыстан оңтүстікке жеткізу қиын болып тұр. Қазір мәселені шешу үшін теміржолшылармен келісім жүріп жатыр.

Елдегі кей бекетте ресейлік АИ-95-тің литрі 385 теңгеден саудаланып жатыр.