Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Сырдариядағы қайғылы оқиға: соңғы мәйіт табылды

Түркістан облысында суға батқан соңғы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сырдариядағы қайғылы оқиға: соңғы мәйіт табылды
Фото: ТЖМ

Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кеткен еді, оның ішінде 8-і - кәмелет жасқа толмағандар.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткенін, құтқарушылар он адамның мәйітін тапқанын хабарланған едік.

Олардың екеуі - әйел, тоғызы - бала. Балардың ең кішісі төрт жаста екен.

Кейінірек әлеуметтік желіде олардың суға шомылуға бармағаны, көпір сынып, адамдар содан кейін суға батқаны туралы ақпарат тарады. Алайда мұны Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Запаров растамады.