Түркістан облысында Сырдария суына батып кеткен 10-шы адамның денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Құтқарушылар бүгін сағат 10:40 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Енді суға батып кеткен бір адам іздестіріліп жатыр. Ол да кәмелетке толмаған жасөспірім.
Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.