Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

ҰБТ-да қулыққа барғандар қайта тексеріледі - Саясат Нұрбек

Үкімет кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-да қулыққа баратын оқушылар туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

ҰБТ-да қулыққа барғандар қайта тексеріледі - Саясат Нұрбек
Фото: Baq.kz

Министрдің сөзінше, бұл бағытта министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен өте тығыз жұмыс істеп жатыр.

Өздеріңізге мәлім, тест тапсырмалары мен олардың мазмұны «Мемлекеттік құпия туралы» заңның объектісі саналады. Сондықтан мұнда ҰҚК тергеу жүргізеді. Биыл бүкіл өңірде комитеттің департаменттері тікелей бақылау жүргізді. Біздің Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірге жұмыс істеді, - деді министр.

Саясат Нұрбектің дерегінше, ҰБТ кезінде 300-ден астам талапқа сәйкес келмеу фактілері анықталған. Ол тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтады. Сондай-ақ талапкер әрекетінің мән-жайы қыркүйекке қарай анықталады дейді.

Бұл жағдайдың бәрімен ҰҚК және Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірлесіп, қосымша тергеу жүргізіледі. Егер ақпарат расталса, онда балл жойылады. Егер осы уақытқа дейін талапкер грант иегері атанып үлгерсе, онда ол оны кейін қайтарады. Тиісінше, грант қайта қаралады. Қыркүйек айында нақты белгілі болады. Ең жоғары балл жинаған, бірақ грант алмаған үміткерлер арасында осы гранттар бөлініске салынады, - деп түйіндеді Саясат Нұрбек.