Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Мектепке хиджабпен келуге бола ма – министр жауап берді

Үкімет отырысының кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке хиджаб киіп келуге қатысты пікір айтты, деп хабарлады Paryz.kz Azattyq Ruhy-ке сілтеме жасап. 

Мектепке хиджабпен келуге бола ма – министр жауап берді
Коллаж: Azattyq Ruhy

«Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болмады. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келу керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы керек, - деді министр.

Бейсембаев атағандай, зайырлы мемлекет болғаннан кейін зайырлы елдің заңын орындауымыз керек.

Еске салсақ, бұған дейін болған үкімет отырысында БАҚ өкілі Бейсембаевқа «қолдайсыз ба, қолдамайсыз ба» деп нақты сұрақ қойған еді. Алайда министр оған нақты жауап бермеген еді.