Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтөбе облысында қою шаңнан шаршаған тұрғындар жолды жауып тастады (видео)

Ақтөбе облысында Алтынды ауылының тұрғындары жолды жауып тастады. Олар жүк көліктері жүріп өткеннен кейін көтерілетін қою шаңнан шаршаған. Әкімдік ауыл тұрғындарының шағымына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында қою шаңнан шаршаған тұрғындар жолды жауып тастады (видео)
Фото: instagram.com/gazeta_diapazon

Басылым жазуынша, күн сайын ауыр жүк көліктері вагондарға тиеу үшін өндірілген мыс пен алтын кенін Жемге апарады. Салдарынан шаң көтеріледі. Қою шаңнан шаршаған жергілікті тұрғындар көліктерімен тасжолды бөгеп, жауып тастаған.

"Көліктер небәрі 5-10 минут тұрды. Бұл көліктерден шыққан шаң-тозаңға халық наразы. "Қазгеоруд" ресейлік мыс компаниясына ақша бөлді, кәсіпорын жолды жөндеуге кірісіп кетті. Ол қазылған жол. Жол шаңнын шығуын болдырмайтын топырақпен жабылады, бұл жаңа технология. 17 километр жолды жөндеу жұмыстарын күзге дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп хабардар етті Мұғалжар ауданының әкімдігінен.