Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Нағашы әпкесі ұрып-соққан»: Астанада 5 жасар қызға қатысты іс тоқтатылды

17 тамызда Астанада әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 5 жасар қызды соққыға жығу фактісі бойынша істі қарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Нағашы әпкесі ұрып-соққан»: Астанада 5 жасар қызға қатысты іс тоқтатылды
Фото: видеодан скриншот

Сотта А.-ның кәмелетке толмаған қыздың нағашы әпкесі екені анықталды. Ол бала бақшаға барғысы келмегені үшін жиеніне қарсы күш қолданған.

«Күдікті кінәсін мойындады, заңды өкілдің түсініктемесі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, бейнежазба және істің басқа да материалдарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.