Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда күн қайта ысиды

Синоптиктер Қазақстандағы 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда күн қайта ысиды
Фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуі әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Ауа райы болжамына сай еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын болмайды.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріліп жатқаны байқалады.