Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Биыл қандас мәртебесін қанша этникалық қазақ алды

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 13 569 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Paryz.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Биыл қандас мәртебесін қанша этникалық қазақ алды
Фото: inform. kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінен мәлім еткендей, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 120,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан қандастардың 55,2% – Өзбекстаннан, 19,2% – Қытайдан, 9,8% – Моңғолиядан , 8,6% – Ресейден, 5% – Түрікменстаннан және 2,3% басқа елдерден келді.

Олардың арасында еңбекке қабілетті жастағы азаматтар саны 63%, еңбекке қабілетті жастан кішілер 28,4% және зейнеткерлер 8,6% құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастар арасынан 16% жоғары білімі бар, 36% орта кәсіби білімді, 39,9% жалпы орта білімді.

Қоныс аударушылар республиканың түрлі өңіріне тұрақтанды.

Елде қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталғанын айта кетейік, олар: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Осы өңірлерге қоныстанған қандастарға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан 653 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 431 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 653 адам біржолғы субсидия алды, ал 334 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

«Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50% немесе бір отбасына 4 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді», - делінген министрлік мәліметінде.

Қоныстандыру өңірлерінде қандастарды қабылдау квотасы 2023 жылға 1 925 адамды құрайды. 1 тамызға дейін 1 491 азамат көшіп келді.