Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Жалақысы - 2 млн теңге: порнография түсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Қазақстанда порнография түсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалақысы - 2 млн теңге: порнография түсірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамына Қазақстанның және жақын шет елдердің азаматтары кірген трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті.

Топ модельдік агенттіктің атын жамылып, порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан. Мәселен, қылмыстық топтың мүшелері ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желі арқылы 2 млн теңгеге дейін ай сайынғы төлемді уәде етіп, 18-25 жас аралағындағы қыздарды тартқан. Қыздар аталған қызметтен бас тартқан жағдайда күдіктілер оларға психологиялық қысым көрсетіп, айыппұл салған.

Топтың ішінде нақты рөлдері белгіленген. Мысалы, онда ұйымдастырушылар, басшылар, азғырып көндірушілер, әкімшілер, IT-мамандар мен бухгалтерлер болған.

Қылмыстық топтың қаражат айналымы соңғы бес жылда 3 млрд теңгеден асқан.

Полицейлер Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтерді анықтады.

Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен аса компьютерлік жабдық, шамамен 1 келі есірткі құралы, 69 мыңнан аса доллар тәркіленді.

Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың 13 негізгі ұйымдастырушысы, оның ішінде 3 шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде ІІМ Тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қылмыстық топтың негізгі мүшелерінің мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы Қуандық Алпыс.