Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда ер адамның не үшін әйелдің басын кесіп, базарға апарғаны белгілі болды

Алматыда әйелді бауыздап басын кесіп алған күдіктіге қатысты алғашқы сот отырысында тың мәліметтер айтылды, деп хабарлайды Paryz.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алматыда ер адамның не үшін әйелдің басын кесіп, базарға апарғаны белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік айыптаушынының сөзінше, Асхат Иманқосов бірге тұратын ашынасына өзінің маңыздылығын көрсету үшін әрі кезінде өзіне қарамай кеткен шұжық сататын әйелден кек қайтару үшін қанды қылмысқа барған.

60-тан асқан азамат пышақтан бастап, басты салатын пакетке дейін алдын ала дайындапты.

Телеарна хабарлауынша, бір аяғына ақсаңдап жүрген сотталушыға қарап, алпыстан асқан ақсақалдың қалай ғана адамның басын кесіп алғанына сену қиын. Дегенмен сақал-мұрты ағарған адамға әйелді бауыздап өлтірді деген айып тағылып отыр. Сот отырысы ашық өтсе де, өзінің жүзін көрсеткісі келмеді. Әйтеуір бет-аузын ақ қазағбен жабумен әлек болды. Сотталушының көзі ғана емес, оның істеген ісі де әзірге тұманды болып отыр. Тағылған айыпқа сүйенсек, тұрақты үйі мен табысы жоқ Иманқосов бірге тұрған әрі осы уақытқа дейін асырап келген әйелден ажырап қалмас үшін жауыздықпен адам өлтірген. Жәбірленушіні саябақтан тауыпты. Жататын жер мен жұмыс беремін деп алдап көріскен.

11 сәуірде Иманқосов алдын ала дайындаған пакет пен пышақты алып, Айнабұлақ ықшамауданындағы үйден шығып саябаққа бет алады. Кешкі сағат 8 жарым шамасында Иманқосов Айбатулинамен кездеседі. Жәбірленуші жалғыз екенін көріп, пышақпен мойнына ұрады. Әйел екі минуттың ішінде қайтыс болды. Ал кесіп алған басын пакетке салады, дейді мемлекеттік айыптаушы Асхат Кеңес. 

Келесі күні сол басты базарға тастайды. Дәл шұжық сататын дүкенге қалдырып кетуіне де себеп бар екен. Осылайша кезінде өзіне қарамай кеткен әйелден, яғни сатушыдан кек қайтарғысы келген дейді прокурор.

Тергеу мәліметінше, Асхат Иманқосовтың көздегені де осы болыпты. Алматыда жүрген қанішерден қорғаймын деп, бірге тұрған әйеліне айтқан. Яғни үйден қуып жібермес үшін өзінің керектігін көрсеткісі келіпті.

Десе де сотталушы тағылған айыппен мүлде келіспеді. Ол сотқа алқабилердің қатысуын сұрады. Сот онысын мақұлдады.

12 сәуірде Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылып дүйім қала шулаған еді. Марқұм 1976 жылы туған әйел. Бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Оның денесін базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Екі аптаға жетпей 61 жастағы күдікті құрықталды. Қазір оған адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Қылмысы дәлелденсе, Иманқосов кемі 15 жылы немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.