Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Астана көшелерін су басқаннан кейін кім жазаланды?

Elorda eco system директоры Тимур Шоданов Астанадағы су басу оқиғасынан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астана көшелерін су басқаннан кейін кім жазаланды?
Фото: видеодан скриншот

"Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды", - делінген Астана әкімдігі хабарламасында.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda eco system алдына жер үсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.

Еске салайық, 6 тамызда Астана көшелерін жаңбырдан кейін су басқан болатын.