Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркістан облысында 5 күн бойы іздестіріліп жатқан әйел туралы жаңа мәліметтер шықты

Түркістан облысының жоғалған азаматшасы Гүлсім Наржігітованың туыстарына жүргізілген сауалнама барысында оның үйден қандай мақсатта шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысында 5 күн бойы іздестіріліп жатқан әйел туралы жаңа мәліметтер шықты
фото: polisia.kz

Жоғалған әйелдің туыстырының айтуынша, ол құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сату үшін үйден шыққан.

Содан кейін әйелдің із-түзсіз жоғалып кетуі күдік тудырды. Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, жедел-тергеу тобы құрылды.

Жоғалған әйелді іздестіру бойынша іс-шараларға полиция облыстары жұмылдырылған.

Оның ішінде іздестіруі жұмыстарына Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің және көршілес полиция бөлімдерінің, сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағының барлық жеке құрамы тартылды.

Егер сізде жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.